https://kaz.nur.kz/society/2077811-qozy-korpes-bayan-sulu-kunin-erekse-otkizudin-5-adisi/
"Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" күнін қалай ерекше өткізу керек: Махаббат күніне 5 идея
Бұл датаны "Әулие Валентин" мерекесіне балама ретінде 1999 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Дархан Мыңбай ұсынған еді. Ешбір шетелге еліктемеген қазақтың төл мерекесі. Ресми түрде бекітілмегенмен жыл өткен сайын танымалдылығы артып, жастар арасында жиі атап өтіледі. Махаббат күні – Қыз Жібек пен Төлеген, Қозы мен Баян арасындағы адал махаббатты, мөлдір сезімді насихаттайтын күн.