«Сүйікті менің періштем» комедиясынан фоторепортаж

Бүгін М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры Бернард Шоудың «Сүйікті менің періштем» комедиясын (аударған – Әлімбек Оразбеков) сахналады. Көрермен қауым қойылым барысында Әлихан Лепесбаевтың (Генри Хиггинс), Әсел Сайлауованың (Элиза), Қайрат Нәбиолланың (Пикеринг), Дәрия Жүсіптің (Миссис Хиггинс), Шынар Асқарованың (Миссис Пирс), Бекжан Тұрыстың (Альфред Дулиттл), Гүлнар Жақыпованың (Миссис Эйнсфорд), Айша Ағымбайдың (Клара), Әділет Базарбайдың (Фредди) және өзге де әртістердің өнеріне куә болды.

https://aiqara.kz/фоторепортаж/сүйікті-менің-періштем-комедиясын/