Ұлттық театр репертуарындағы “Ай мен Айша” спектаклі ҚР Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған іріктеуден өтті

2024 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның шешімі бойынша "Ай мен Айша" драмасы (өңделген нұсқасы) алдын ала іріктеуден өтті және конкурстың келесі кезеңіне жіберілді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. Аталмыш спектакль Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының репертуарында көрсетілуде. Спектакль жазушы Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" романы мен "Мылтықсыз майдан" повесі желісімен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек жазған драма бойынша қойылды.