Аманат арқалаған Айша
Руханият әлемін өнерсіз елестету мүмкін емес. Оның ішінде мәдениеттің мәйегі болған театрдың орны бір төбе. Ол бүгінгінің де, кешегінің де кең құлашты тарихын уақыттың тар шеңберінде алақандай кеңістікте көрсетіп қана қоймай, көрерменге түрлі эмоцияны тікелей сезіндіру үшін ерен еңбекті талап ететін өнер ордасы.
Ұлттық әдебиетті ұлықтайтын Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры репертуарының қоржыны, шығармалары шынайы өмірден алынған асқақ жазушы Шерхан Мұртазаның теңдесіз туындылары желісімен жазылған драматург Еркін Жуасбектің пьесасымен толықты.