Концерт, қойылым және жәрмеңке. Бүгін "Музей түнінде" қандай іс-шаралар өтеді?

"Музей түні" акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді. Жыл сайын 18 мамырда Халықаралық музей күніне орай "Музей түні" акциясы өтеді. Бұл күні мәдениет орындарында тақырыптық көрмелер, экскурсиялар, дәрістер және тағы басқа іс-шаралар ұйымдастырылады. "Музей түнінде" музейлердің есігі баршаға ашық, яғни кез келген адам тегін кіре алады.