Сахна саңлағы

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Ғайникамал Байқошқарова 85 жасқа толды Ғайникамал Мұқанқызы Байқошқарова Әуезов театрының дүркіреп тұрған кезінде 1974 жылы театрдың актерлық құрамына қабылданған. Оған Әзірбайжан Мәмбетов бастаған, театрдың алтын ғасырына айналған көште еңбек ету бақыты бұйырды. Содан бері аттай елу жылға аяқ басыпты. Бекзат болмысты актриса талантты әрі таңдаулы режиссерлермен еңбек етті.