Алматыда М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының сахнасында классик жазушы Ш.Айтматовтың «Кассандра таңбасы» футуристік трагедиясының премьерасы өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Спектакль адамзаттың рухсыздану мәселесі отбасылық құндылықтардың қадір-қасиетімен шендестіріле көрсетіледі.
Қойылымда Филофей (ред. - Космостық монах) рөлінде Азат Сейтметов, ал мейірімді Рунаны Жанар Жанаманова ойнады.
Спектакль сюжеті шығармадағы негізгі оқиғалармен үндеседі. Тек режиссер кейбір оқиғаны бүгінгі жағдаймен ұштастырған, өзінше ой-шешімін ұсынған. Небір апаттардың бастауы – тексіздік. Айтматов өсиеті бүгін де аса өзекті екендігін ұғындық. Өз ұрпағын аман сақтап қалу мақсатында, еріксіздіктен өзегелерді бқытсыздыққа ұшыратқан Футролог (Роберт Борк) рөлін Ермек Бектасов өз рөлін шебер алып шықты. Ал оның жұбайы болған Джесиді театрың жас актрисасы Әсел Сайлауова сомдады.
Режиссер Аридаш Оспанбаеваның айтуынша, үлкен шығарманы тұтас қойылымға айналдыру қиын болған. Дегенмен, шығармашылық топ қойылымды автор Шыңғыс Айтматовтың рухына арнағандықтан, үлкен абыроймен алып шыққан. Қойылымның сахналық нұсқасын шығаруды әбден ойластырғанын, үлкен сахнаға шығару кезінде де қобалыжу болғанын жасырмады.
Қойылым арқылы өмірдің кейбір бұралаң жолдарын көрсетуді жөн санадық. Алғашқы сахналарда адам баласының еріксіздіктен күнәларға бой алдырып, оның зардабын сезінбейтіндігі баяндалады. Сондай-ақ өз ата тегін білмейтін, жасанды ұрықтардың көбеюуі, өз тілінен, дінінен безген адамдардың тобырын қалыптастыратыны жеткізуге тырстық. Қарап отырсақ, жазушының жазғаны болашақты болжағандай. Өз баласының өмірін қиып, сурагат аналарға жүгінетін отбасылар да көбейді. Сондай-ақ, шығармада өз бизнесін дамыту үшін адамзат тарихына апат тигізетіндерді де көруге болады. Сондай-ақ, билік басына ұмтылған Оливер Ордактің рөлін Алихан Лепесбаевқа сеніп тапсырдық. Ол билікке ұмтылған адамдардың жақындарына, достарына да адамзатқа зиян келтіруден тайынбайтын жандарды шебер сипаттады. Спекталь көрермендер көңілінен шығарына сенеміз,– дейді Режиссер Аридаш Оспанбаева.
Қойылымды тамашалауға келген көрермендер ерекше ынта ықыластарымен бөлісті. Актерлардың шеберліктеріне тоқталып, өзіндік зерттеу жүргізгендігін де атап өтті.
Мен басында шығарманы дінге байланысты болар ма деген ойда болдым. Шынымды айсам, Шыңғыс Айтматовтың осындай шығарманы жазып қалдырғанын білмедім. Ерекше сезімге бөлендім. Романда адамзат қоғамы үшін аса маңызды үлкен мәселе көтерілген. Ол – ғылымның жалпы қоғамға, халыққа қызмет етіп, дұрыс жолда дамуы. Өкінішке қарай, ғылым мен техниканың жетістіктерін түрлі айла-амалдармен халықты бағынышты ұстау, керек десеңіз, күш қолданып, қырып-жою құралына айналдыруы да өмір шындығына айналып отыр. Драматургиялық ұшпағы сақталған, композициялық жүйесі берік һәм үйлескен материалды көрдім. Актерлік ансамбльдің мақсаты айқын, режиссер мен спектакльдің көркемдік мүшелерінің еңбегін көрдім. Образдар жүйесі айқын,– дейді Досымжан Серік есімді көрермен.
тілші