«Кассандра таңбасы» қандай қойылым?

Ғылым мен техниканың дамуы адамзат тарихындағы ауыл шаруашылық және өнеркәсіптік революциялардан бастап цифрлық дәуірге дейінгі көптеген маңызды өзгерістің қозғаушы күші болды. Ғылым мен технология медицина, экстракорпоралды ұрықтандыру, байланыс, көлік және энергия өндіру сияқты салаларда әлем үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Болашаққа көз жүгіртсек, технологиялық өзгерістердің қарқыны одан әрі үдей түсуі әбден мүмкін. Жасанды интеллект, онлайн оқыту және робототехниканың дамуы қазірдің өзінде көптеген салаға терең әсер етіп жатыр және болашақ-та басқа салаларда төңкеріс жасайды деген болжам бар.

Әлеуетті технологиялық өсудің басқа салаларына жаңартылатын энергия көздері, ғарышты зерттеу және биотехнология жатады. Келешекте біз жалпы қоғам үшін елеулі салдары болуы мүмкін осы салалардағы жетістіктерді көретін шығармыз. Дегенмен, технологиялық өзгерістердің жылдам қарқынының ықтимал кемшіліктері де бар. Мысалы, кейбір сарапшылар автоматтандырудың жұмыс орындарына ықтимал әсері туралы алаңдаса, басқалары AI сияқты жаңа технология-лардың этикалық салдары туралы алаңдайды.

Болашақты болжап шығарма жазған жазушылар да бар. Солардың бірі – қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов. Оның «Кассандра таңбасы» атты романы көп оқырманды сүйсіндіріп, болашағына алаңдатуы мүмкін. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Кассандра таңбасы» футуристік трагедиясының премьерасы өтті. Режиссері – Аридаш Оспанбаева. Спектакль романның сахналық нұсқасы бойынша қойылды.

Спектакльде адамзаттың рухсыздану проблемасы отбасылық құндылықтардың қадір-қасиетімен шендестіріле көрсетіледі. Шығарма авторы ғылыми-техникалық, технологиялық жетістіктер мақсатты түрде ізгілік, адамгер-шілік жолына бағытталмаса, үлкен қасіреттер мен орны толмас катаклизмдерге алып келуі мүмкін екенін ескертеді.

Қойылымда ғалым Филофей шарананың қарсылық белгісін ғарыштан сәулелер жіберу арқылы анықтап, оған «Кассандра таңбасы» деген атау береді. Маңдайында таңба бар әйелдерді баласын алдыртып тастауға мәжбүрлейді. Ұзақ жыл бала сүйе алмаған ғалым Робертс ішіне шикі ет біткен жұбайына, бірақ маңдайына таңба түскен әйелі Джесси үшін өз ұстанымына қарсы шығып, баланы жасанды жолмен дүниеге әкелу жолында еңбек етеді.   

«Қойылым арқылы өмірдің кейбір бұралаң жолдарын көрсетуді жөн санадық. Алғашқы сахналарда адам баласының еріксіз күнәларға бой алдырып, оның зардабын сезінбейтіні баяндалады. Сондай-ақ, өз ата тегін білмейтін, жасанды ұрықтардың көбеюі, өз тілінен, дінінен безген адамдардың тобырын қалыптасты-ратынын жеткізуге тырыстық. Қарап отырсақ, жазушының жазғаны бола-шақты болжағандай», – дейді режиссер Аридаш Оспанбаева.

Шыңғыс Айтматов: «Небір апаттардың бастауы – тексіздік», – дейді. Жалпы, ғылым мен технологияның болашағына сақтықпен қарауымыз керек. Бізге осы салаларда ілгерілеуді жалғастыра отырып, жаңа технологиялардың әлеуетті пайдасы мен тәуекелін ескеру және олардың қоғамға тигізетін кез келген теріс әсерін азайту үшін жұмыс істеу маңызды болады. Болашақ және болашақ адамдар туралы ойласаңыз, технология мен руханияттың қақтығысы туралы ой түйгіңіз келсе, театрға баруға кеңес беремін. 

Нұрлыхан ЖҰМАХАН

«Ұлан» газеті, №16
18 сәуір 2023 жыл

https://ulan.kazgazeta.kz/news/34912

 


Өзге жаңалықтар