КӨРЕРМЕН НАЗАРЫНА!

Қымбатты көрермен, Сіздерді 17, 19 маусым күндері «Менің Мұстафам» моноспектаклінің премьерасында күтеміз! Мұстафа Шоқай туралы көбімізге беймәлім естеліктерді алаш арысының жары – Мария Яковлевна арқылы театрымыздың актрисасы,  «Мәдениет саласының үздігі» Күнсұлу Шаяхметова сыр шертеді.

Келіңіздер, көріңіздер!

Аталған күндері репертуарда көрсетілген «Қытайдан жеткен сәлемдеме» және «Мани-мани» спектакльдері көрсетілмейтінін ескертеміз.

Билеттеріңізді сатып алған жеріңізге өткізулеріңізді сұраймыз!


Өзге жаңалықтар

31 мамыр
Хабарландыру
Елу жылдан кейінгі кездесу
Қазақ театр және кино өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалып­тастырып халық құрметіне бөленген дарынды әртістер аз емес. Дегенмен, ғасырға жуық саналы ғұмырын қарттық келіп, қамытын кигізсе де қажымай-талмай сахнада өткізіп келе жатқан Ғайникамал Байқошқарованың орны айрықша.
30 мамыр
Хабарландыру
Екеуміз... Қоғам шындығы...
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 2023 жылдың 18 мамыр күні Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай МУЗЕЙ ТҮНІ шарасы өтті.
30 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
28 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті. Шығарма авторы — М. Задорнов. Қойылым режиссеры – Қ. Мамытқалиев.