ҰЛТТЫҚ ТЕАТРДА – ПРЕМЬЕРАЛАР АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ

ҰЛТТЫҚ ТЕАТРДА – ПРЕМЬЕРАЛАР АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ

Қарашаңырақ – М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында екінші рет өткізіліп отырған «Премьералар апталығы» өз мәресіне жетті. Ұлттық театр сахнасында 2022 жылдың 23-26 ақпан аралығында төрт күн бойы бес спектакль (бір кеште екі моноспектакль) көрерменге ұсынылып, ыстық ықыласына бөленді. 

Премьера апталығының шымылдығын түрген режиссер Аридаш Оспанбаева сахналаған Әбдіжәміл Нұрпейісовтің (сахналық нұсқасын жасаған – Мадина Омарова) «Қан мен тер. Ақбала» трагедиясы 23 ақпан күні премьера апталығының тұсауын кесіп, қойылым қонақтарының биік бағасына ие болды. Иісі қазаққа танымал роман ұлттық театр сахнасындағы сәтті сахналанып, алдағы премьералар шеруіне серпін берді. 

24 ақпан күні театрымыздың кіші залында Рахымжан Отарбаевтың «Қытайдан жеткен сәлемдеме» қойылымы ұсынылды. Режиссер Алена Қабдешова қойған драма көптің көңілінен шықты. Бұл туындының идеялық ерекшелігі, көтерген мәселесі, қозғаған тақырыбы көрерменге ұмытылмас әсер сыйлады.

25 ақпанда «Бір кеште екі спектакль» тақырыбымен екі моноспектакльдің премьерасы көрерменге жол тартты. Алғашқысы – Назгүл Қарабалина режиссерлік еткен Баян Қажынәбиеваның «Бейтаныс таныстар» моноспектаклі. Шығарма авторы – Ақмоншақ Ахмет. Екіншісі – жас режиссер Ришат Жұрынбай сахналаған Зәуре Көпжасарова ойнайтын «Қайдасың, мама?» моноспектаклі. Авторы – Жансая Бауыржанқызы. Бірінен соң бірі көрсетілген қос моноспектакльді де көрермен жоғары деңгейде қабылдап, зор қошемет білдірді.

Премьералар апталығын қорытындылап, әдемі нүктесін қойған тағы бір табысты премьера – жазушы, драматург Дулат Исабеков жазған «Мақшар түнгі махаббат» мистикалық драмасы болды. Режиссер Жұлдызбек Жұманбай ұлттық театр сахнасына көркемдік деңгейі жоғары тағы бір спектаклін сахналады. Мәңгілік және өзекті тақырыптарды қамтыған спектакль көпшіліктің оң бағасын алды. 


Өзге жаңалықтар

30 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
28 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті. Шығарма авторы — М. Задорнов. Қойылым режиссеры – Қ. Мамытқалиев.
30 мамыр
Хабарландыру
Екеуміз... Қоғам шындығы...
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 2023 жылдың 18 мамыр күні Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай МУЗЕЙ ТҮНІ шарасы өтті.
26 мамыр
Хабарландыру