Жаңалықтар

2 мамыр
Хабарландыру
Мәңгілік махаббат айнасы
Әдебиет тарихында өшпес шығармаларымен әлем жұртшылығын тамсандырған ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің драмалары күні бүгінге дейін халық назарында. Оған дәлел – биылғы сәуірдің 14-і және 19-ы күндері М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрында белгілі режиссер Әлімбек Оразбековтің қойылымымен жаңа қырынан көрінген «Еңлік-Кебек» трагедиясының премьерасы дер едік.
2 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театрына реставрация жұмыстары жүргізіледі
Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театры Алматы мен Астанада қандай қойылымдар қояды? Мамыр репертуары
7 мамырға дейін гастрольдік сапар аясында Әуезов театрының қойылымдарын Астанада, Қуанышбаев театрында тамашалауға болады.
2 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театры астаналық көрермендерін қуантпақшы
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театр ұжымы Астана қаласына гастролдік сапармен келді. Олар 1-7 мамыр аралығында астаналықтар үшін өнер көрсететін болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2 мамыр
Хабарландыру
2 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театры астаналық көрермендерді қандай қойылымдарымен қуантады
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елордаға гастрольдік сапармен келген Алматыдағы М. Әуезов атындағы театрдың ұжымы астаналық көрермендерді қандай қойылымдарымен қуантатынын айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.
27 сәуір
Хабарландыру
«ЕҢЛІК-КЕБЕК» ЖАҢА НҰСҚАДА САХНАЛАНДЫ
Сәуір айының 14,19-ы күндері М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында «Еңлік-Кебек» трагедиясының премьерасы өтті. Қоюшы- режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков. Ал екі жастың рөлін Әділет Базарбай мен Захира Рахымжан сомдады. Ел ішінде құрметті, сәуегей кейіптегі Абыздың рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс алып шықты. Сондай-ақ, актерлік құрамда Болат Әбділманов, Нұрғиса Қуанышбайұлы, Алмат Құрақ, Саят Мерекеұлы, Ерлан Біләл, Мұрат Нұрәсілов, Омар Қиқымов пен Мұхтар Қапалбаев бой көрсетті. «Еңлік-Кебек» пьесасы – бүгінге дейін жеткен Мұхтар Әуезов туындыларының ішіндегі жауһары.
25 сәуір
Хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ!
2023 жылдың 25 мамыр күні сағат 14.30-да М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрын қайта құру жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтеді. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Абай көшесі 103.
22 сәуір
Хабарландыру
Рушылдықтың құрбаны болған екі жастың махаббат драмасы
19 сәуір күні Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында «Еңлік-Кебек» пьесасы сахналанды.