Спектакльде Абылайдың өлімі туралы болжамдардың бірі сюжетке негіз етіп алынады да, хан өмірінің соңғы үш күні бейнеленеді. Осы үш күн ішінде хан өз өміріне: саясатының жемісі мен кемісін, өкінішін, қателігін, қол жетпеген арманын, оның себептерін бүге-шігесіне дейін зерделей отырып қорытынды жасайды. Хан өмірі, саяси жолы, саяси мұраттастары мен қарсыластары, атақты жорықтары оның есінен ауысар тұстарында «сана ағыны» әдісімен де, Бұқар жыраумен диалогтарында да бейнеленеді. Абылай мен Бұқар жыраудың диалог-пікірталастары – бүкіл спектакльдегі идеялар қақтығысының өзегі...
Драма