Американың белгілі драматургы Дональд Кобурнның актерлік ойындарға ерекше мүмкіндік ашатын бұл драмасы әлем театрларында көп сахналанған.
Драма оқиғасы қарттар үйінде өтеді. Тағдыр айдауымен осында тұрып жатқан Веллер Мартин мен Фонсия Дорсидің әрқайсысының өткен жеке өмірі, өз бастарына жетерлік драмасы бар. Ал, олардың қазіргі ортақ ермегі – карта ойнау. Джин ойынынан алдына жан салмаған Веллер Фонсиядан ұтылады. Бір емес бірнеше рет оңбай ұтылады. Тұла бойын қызғаныш оты кернейді. Қызғаныш-әзәзіл оған тіпті билігін жүргізе бастайды, тыныштығынан айырады. Драма шиыршық атқан сайын кейіпкерлердің жан қасіреті, жан жегісі тереңдей түседі...