Байқошқарова Ғайникамал Мұқанқызы

Байқошқарова Ғайникамал Мұқанқызы

Театр артисі

Өмірбаян

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалінің иегері (2001), «Құрмет» орденінің иегері (2003), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері (2011), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің иегері (2016)

1943 жылдың Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген.

1965-1969жж. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының театр бөлімінде Театр-кино актері мамандығы бойынша білім алды.

1974 жылдан бері М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:

М.Әуезов «Қарагөз» (реж.А.Л. Мадиевский) –Қарагөз,

М.Әуезов «Қара қыпшақ Қобыланды» (реж. Ә.Мәмбетов) –Көклан,

М.Әуезов «Айман–Шолпан»(реж. Ә. Мәмбетов) –Шолпан,

М.Әуезов «Абай»(реж. Ә.Мәмбетов) –Қаныкей мен Текті,

Ж.Аймауытов «Ақбілегінде» (реж. А.Әшімов) –Ұрқия,

Ж.Аймауытов «Ғашықтық дертінде»(реж. Қ.Сүгірбеков) – Шекер,

Б.Майлин әңгімелерінен қойылған «Сабатаж!» (реж. Ә.Рахимов.)–Меруерт,

М.Булгаков «Жендеттерінде»(реж. Н.Жантөрин) – Мадлена Бежар,

Мольер «Ақымақ болған басым-ай!» (реж. Ә.Рахимов)–мадам де Сотанвиль,

Г.Лорканың «Қасіретті қатындар»(реж. Р.Сейтметов) –Магдалена,

Пиранделло «Өгей қызында»(реж. Р.Сейтметов) –Актриса,

Ф.Эрве «Түлкі бикеш»(реж. Ә.Мәмбетов) –Лидия,

М. Кәрім «Қара жаяу» (реж. Қ.Жетпісбаев) –Мадина,

С.Ахмад «Келіндер көтерілісі»(Р.Сейтметов)–Башорат және Бостон,

Ш.Айтматов «Ақ кеме» (реж. Ә.Мәмбетов) –Гүлжамал,

А. Чехов «Шағала» (реж.Б.Атабаев) –Полина Андреевна,

Ф.Кафка «Құбылыс»(реж. Қ.Сүгірбеков) –Грегордың анасы,

Г.Ибсен «Қуыршақ үйі»(реж. Қ.Сүгірбеков)–Фрау Линне,

Қ.Шаңғытбаев пен К.Байсейітов «Беу, қыздар-ай!» (реж. Ә.Мәмбетов) –Күнсұлу,

Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»(реж. Ә.Рахимов) –Майқанова,

Қ.Мұхамеджанов пен Ш.Айтматов «Көктөбедегі кездесуінде» (реж. Ә.Мәмбетов) –Алмагүл,

Н.Әбуталиев «Өттің, дүние» (реж. Ә.Рахимов) –Бәтима ханым, Айғанша,

Д.Исабеков «Әпке»(реж. Ә.Рахимов) –Гауһар,

Б.Римова «Қос мұңлық»(реж. Б.Атабаев) –Самал,

А.Сүлейменов «Қыздай жесір – штат қысқарту» (реж. Ә.Рахимов) –Рита,

Б.Мұқай «Өмірзая» (реж. Қ.Сүгірбеков) –Ирма,

Қ.Ысқақ «Жан қимақ»(реж. Б.Атабаев) –Қапиза,

С.Балғабаев «Сағыныш пен Елесінде»(реж. Ә.Рахимов) –Анар,

Иран-Ғайып «Шыңғысхан» (реж. Б.Атабаев) –Есуй,

Е.Аманшаев «Үзілген бесік жыры» (реж. Ә.Рахимов) –Ана,

Н.Оразалин «Шырақ жанған түн» (реж.Н.Жақыпбай)– Әйел.


Кинодағы рөлдері:

«Аллажар», «Офицер мырзалар», «Ауылым Көктөбенің бөктерінде», «Күнә», «Шұға», «Астана – менің махаббатым», «Ағайындылар» және т.б. фильмдерде негізгі рөлдерді сомдады.

 

Рольдер

КҮЛЕМІЗ БЕ, ЖЫЛАЙМЫЗ БА?
Роль: Сары апа
Режиссер: Қазақстанның еңбек сіңірген артисі М. Ахманов
Автор: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е. Жуасбек
КӨШКІН
Роль: Кіндік шеше
Режиссер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Кәкішева
Автор: Т. Жуженоғлы
АКТЕРДІ ӨЛТІРГЕН КІМ?!..
Роль: Жұмабике Дәулетқалиева
Режиссер: Қоюшы режиссері: КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО халық артисі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Еңбек Ері А. Әшімов, Режиссері: С. Асқаров
Автор: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері И. Вовнянко Аудармасы: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері О. Қыйқымов
АҚЫН, ПЕРІШТЕ, МАХАББАТ
Роль: Беймаза әйел
Режиссер: Ә. Рахимов
Автор: Ә. Тарази

Галерея

Байқошқарова Ғайникамал Мұқанқызы Байқошқарова Ғайникамал Мұқанқызы Байқошқарова Ғайникамал Мұқанқызы Байқошқарова Ғайникамал Мұқанқызы Байқошқарова Ғайникамал Мұқанқызы