kz ru en
+7 (727) 378-53-85
teatr_auezov@bk.ru
Алматы қаласы, Абай даңғылы 103
Афиша Репертуар Байланыс телефондары
Театр туралы
Театр туралы Тарих Мұражай 3D-тур Зал сызбасы Театр әдебі Біздің серіктестер Жаңалықтар Байланыс телефондары
Театр ұжымы
Театр ұжымы Актерлер Шығармашылық құрам Басшылық
Ақпарат
Ақпарат Касса Гастрольдік орталық Байқау Мемлекеттік сатып алулар Адалдық алаңы БАҚ үшін БАҚ біз туралы Бос орындар
+7 (727) 378-53-85
teatr_auezov@bk.ru
Алматы қаласы, Абай даңғылы 103
лого
kz
  • kz
  • ru
  • en
меню Мәзір
Антикор Айлық афиша Ағымдағы репертуар Театр туралы Жаңалықтар Театр ұжымы Билет алу
Басты бет
БАҚ біз туралы

БАҚ біз туралы


АҚ КӨГЕРШІНДЕР АРҚАЛАҒАН АРМАН («АЙ МЕН АЙША» СПЕКТАКЛІ ЖӨНІНДЕ БІРЕР СӨЗ)

АҚ КӨГЕРШІНДЕР АРҚАЛАҒАН АРМАН («АЙ МЕН АЙША» СПЕКТАКЛІ ЖӨНІНДЕ БІРЕР СӨЗ)

Адамзат жаратылғалы бері ана жайында айтылар сөз де, шырқалар ән де тоқтаған емес. Қай заманда да адамзаттың асылы ананың мәртебесі биікте. Баласыз ана болғанымен, анасыз бала болмайды. Ана жайында талай жазушы қалам тербеп, сан мың суретшінің қылқаламынан көз тартар туындылар дүниеге келді. Сондықтан, перзенті үшін жалаң қолмен от көсеп, азап тартқан аналардың өнердегі бейнесі сан тарапты, әрқилы. Әсіресе, бекзада өнердің бірі театр сахнасында талай мәрте ана, әйел туралы спектакльдер қойылып келе жатыр. Десек те, тарихы бір ғасырға жуық уақытты құрайтын қазақ театр өнерінде өресі биік, мәртебесі жоғары туынды «Ай мен Айша» спектаклінің орны бөлек.
18 шілде 2024
Аманат арқалаған Айша

Аманат арқалаған Айша

Руханият әлемін өнерсіз елестету мүмкін емес. Оның ішінде мәдениеттің мәйегі болған театрдың орны бір төбе. Ол бүгінгінің де, кешегінің де кең құлашты тарихын уақыттың тар шеңберінде алақандай кеңістікте көрсетіп қана қоймай, көрерменге түрлі эмоцияны тікелей сезіндіру үшін ерен еңбекті талап ететін өнер ордасы. Ұлттық әдебиетті ұлықтайтын Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры репертуарының қоржыны, шығармалары шынайы өмірден алынған асқақ жазушы Шерхан Мұртазаның теңдесіз туындылары желісімен жазылған драматург Еркін Жуасбектің пьесасымен толықты.
18 шілде 2024
Ұлттық театр репертуарындағы «Ай мен  Айша» спектаклі

Ұлттық театр репертуарындағы «Ай мен Айша» спектаклі

Ұлттық театр репертуарындағы «Ай мен Айша» спектаклі ҚР Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған іріктеуден өтті 2024 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның шешімі бойынша Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» романы мен «Мылтықсыз майдан» повесі желісімен жазылған «Ай мен Айша» драмасы (өңделген нұсқасы) алдын ала іріктеуден өтті және конкурстың келесі кезеңіне жіберілді. Аталмыш спектакль Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының репертуарында көрсетілімде.
15 шілде 2024
​«Ай мен Айша» спектаклінде ұсынысым 10 рет кері қайтарылды»: белгілі сценографпен сұқбат

​«Ай мен Айша» спектаклінде ұсынысым 10 рет кері қайтарылды»: белгілі сценографпен сұқбат

Бұл ең күрделі, тарихы ертеден келе жатқан мамандық. Ежелгі гректерде бірінші адам туғанда қаламмен сөз жазған. Архитектор ғимарат салса, декорациясын жасауға сценографты шақырған. Сценография: Көп синтезді өнерді бойына жинаған бұл мамандық иелерінің аты жиі айтылмаса да, олардың қатысуынсыз ешбір қойылым дүниеге келмек емес. Бүгін біз осы өнермен жақынырақ танысу үшін, танымал қойылымдардың қоюшы-суретшісі, сценограф, Қ.Р. театр Қайраткерлері Одағының президиум мүшесі,Қ.Р. Суретшілер Одағының басқарма мүшесі жәнежақында Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылып жатқан, «Ай мен Айша» қойылымының қоющы-суретшісі Сапаров Мұрат Исмайылұлымен сұқбаттастық.
14 шілде 2024
Ұлттық театр репертуарындағы “Ай мен Айша” додада

Ұлттық театр репертуарындағы “Ай мен Айша” додада

Ұлттық театр репертуарындағы “Ай мен Айша” спектаклі ҚР Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған іріктеудің алғашқы кезеңінен өтті, - деп хабарлайды Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының баспасөз бөлімі. Жақында ғана ҚР Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған «Ай мен Айша» қойылымы қабырғасы қайысқан қазақтың қайғылы кезеңін суреттеген жауһар мұра. Қойылымға арқау болған шығарма «Ай мен Айша» романы Шерхан Мұртазаның өз өмірінен сыр шертеді. Романның желісіне арқау болған тақырып ашыршылық жайлаған зұлмат жылдарда дүниеге келіп, қазақ зиялылары репрессияға ұшыраған жылдарда әкесінен айырылып, одан кейін Ұлы Отан соғысының тауқыметін бастан өткеріп қанша қиыншылық көрсе де, еңсесі түсіп езілмей, ағынға қарсы жүзе білген Барысхан деген баланың өмірі және сол балаға өшпестей үміт сыйлап, өмірлік шам-шырағы, қайсар қаһарманы болған анасы Айша жайында баяндалған.
12 шілде 2024
М. Әуезов театры сахналаған Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» спектакліне шолу

М. Әуезов театры сахналаған Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» спектакліне шолу

Қазақ өнерінің қара шаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры ғасырға жуық тарихында қазақ және әлемдік классикадан бастап бүгінгі заманауи тақырыптарға дейін қамтып, әр кезеңнің дәстүрлі актерлік, режиссерлік мектебін қалыптастырған іргелі өнер ордасы. Театр ұжымы белгілі жазушы Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романы мен «Мылтықсыз майдан» повесі желісімен жазылған «Ай мен Айша» (пьеса авторы: Е. Жуасбек) спектаклімен Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылды. Осы қойылымды сахналаған режиссер, актерлік шығармашылық құрам жайлы түйген ойымызды қағазға түсірдік. М. Әуезов театры қашан да дара тұлғаларға кенде емес. Талантына табындырған да тамсандырған небір өнер саңлақтары, ұлттық театрымыздың дамуына мол үлес қосты. Ал, осы театрдың жүрегін соқтырып, тамырына ыстық қан жүгіртетін – режиссер десек қателеспейміз. Өзінің талантымен, шеберлігімен елге танылған санаулы суреткерлердің бірі белгілі актер, режиссер, ұлағатты ұстаз – Тұңғышбай Жаманқұлов.
12 шілде 2024
1 2 ... 6 7 8 ... 29 30
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры
Антикор Айлық афиша Ағымдағы репертуар Театр туралы Театр ұжымы Билет алу Сатып алу Билет қайтару
Мекен-жай
Алматы қаласы, Абай даңғылы 103
Email
teatr_auezov@bk.ru
Телефон
+7 (727) 378-53-85
Байланыстар
Антикор Мемлекеттік сатып алу Гастрольдік орталық БАҚ біз туралы Жария оферта Құпиялық саясаты
kz ru en
facebook
instagram
vkontakte
youtube
TikTok
Telegram
©2025, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры
Жоба - Offlime