kz ru en
+7 (727) 378-53-85
teatr_auezov@bk.ru
Алматы қаласы, Абай даңғылы 103
Афиша Репертуар Байланыс телефондары
Театр туралы
Театр туралы Тарих Мұражай 3D-тур Зал сызбасы Театр әдебі Біздің серіктестер Жаңалықтар Байланыс телефондары
Театр ұжымы
Театр ұжымы Актерлер Шығармашылық құрам Басшылық
Ақпарат
Ақпарат Касса Гастрольдік орталық Байқау Мемлекеттік сатып алулар Адалдық алаңы БАҚ үшін БАҚ біз туралы Бос орындар
+7 (727) 378-53-85
teatr_auezov@bk.ru
Алматы қаласы, Абай даңғылы 103
лого
kz
  • kz
  • ru
  • en
меню Мәзір
Антикор Айлық афиша Ағымдағы репертуар Театр туралы Жаңалықтар Театр ұжымы Билет алу
Басты бет
БАҚ біз туралы

БАҚ біз туралы


Көк бөрінің көз жасы

Көк бөрінің көз жасы

Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» романы мен «Мылтықсыз майдан» повесі желісімен сахнаға лайықталған «Ай мен Айша» драмасы М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының сахнасында жүріп жатыр. Қоюшы режиссері – Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай әл-Тарази, сахналық нұсқасын жасаған – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек, қоюшы суретшісі – Мұрат Сапаров. Көк бөрінің көз жасы Жазушы Шерхан Мұртазаның екі бірдей шығармасын біріктіріп, бір пьеса жазып шығу арқылы инсценировка авторы қойылымның ауқымын кеңейтіп, қазақ ұлтының бойындағы небір асыл қасиеттерді, дүниетанымдық ерекшеліктерді айшықтаған. Барысханның автордың өзі екені түсінікті, бұл – автобиографиялық туынды. Спектакльдің құнды тұстарының бірі де осында. Бүкіл қазақ үшін қастерлі есім – Шерхан Мұртазаның өз анасына, балалық шағы мен туған мекеніне жасаған рухани тағзымы іспетті бұл туындылар қазақ өнерінің қара шаңырағы М.Әуезов театрында қайта түлеп, өзінің сахналық ғұмырын бастады. Жазушының көзі тірісінде сонау Тараз қаласынан Алматыға арнайы келіп тамашалаған, батасын беріп, ризашылығын танытқан нышаналы дүние.
12 шілде 2024
Тұңғышбай Жаманқұлов: «...Аталарымыздың қасірет-шеменін жаныма жалау етіп, аспандап ұшқым келді...»

Тұңғышбай Жаманқұлов: «...Аталарымыздың қасірет-шеменін жаныма жалау етіп, аспандап ұшқым келді...»

2024 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның шешімі бойынша Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» романы мен «Мылтықсыз майдан» повесі желісімен жазылған «Ай мен Айша» драмасы (өңделген нұсқасы) алдын ала іріктеуден өтті. Осыған орай қойылымның режиссері, Қазақстанның халық артисі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, профессор Тұңғышбай Жаманқұловтан сұхбат алған едік.
12 шілде 2024
«Ай мен Айшаның» ақ таңы

«Ай мен Айшаның» ақ таңы

Жақында ғана ҚР Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған «Ай мен Айша» қойылымы қабырғасы қайысқан қазақтың қайғылы кезеңін суреттеген жауһар дүние. Айға мұңын шаққан Айшаның  алыстан қол бұлғаған үкілі үміті бар - саналы ұрпақ құстай еркін самғаса  елдің еңсесі тіктелер, жоғалтқанын қайтарар, құндылығын қастерлеп, асыл мұратты бабалардың ізін басар деген.2015 жылы тұсауы кесілген, әлі де  Ұлттық театр сахнасынан түспеген қойылым режиссері Тұңғышбай әл-Тарази, сахналық үлгісін жасаған Еркін Жуасбектер күллі қазақ әйелдерінің аяулы образына айналған Айшаның батыл болмысын күрескерлік рухы арқылы ашуға бел байлаған. «Ай мен Айша» романы бала Барысханның көзімен жазылса, қойылымда да оқиғалар арасын жалғаған Барысхан-Шерханның естеліктері оқылуы жүрек тебірентерлік тапқыр шешім. Классик жазушы Шерхан Мұртазаның тұтас шығармашылығын алсаңыз, бұғаудағы басын арашалай алмай ақырған арыстардың, солақай саясаттың құрбаны болған құндылықтарды жоқтау секілді, ішіңіз қасқырша ұлиды. Сондықтан да «Ай мен Айшаның» сахналануынан көрермен қашан да қасіретке толы картинаны күтері сөзсіз. Алайда, «Ай мен Айшаның» сахналық үлгісі бөлек, қайғыра отырып көңіл кеңістігін ашар көріністерге елеңдейсіз, қападар бола отырып алғаусыз таза қазақ қалпына, аңғал болмысына сүйсінесіз. Айшаның болмысын тереңірек қозғап, қойылымның драматургиялық дамуын ширықтыра түсу үшін жазушының «Мылтықсыз майдан» атты шығармасынан да оқиға мен кейіпкерлерді біріктіргенін байқаймыз. 
12 шілде 2024
«Ай мен Айша». Үлкен империямен күрескен кішкентай адамдар

«Ай мен Айша». Үлкен империямен күрескен кішкентай адамдар

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының «Ай мен Айша» қойылымы биыл Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылыпты. Театр өнеріне Мемлкеттік сыйлық соңғы рет қай жылы берілгені есімізде жоқ. Тәуелсіздік жылдарында еліміздегі бірегей сыйлыққа ие болған спектакль жоқ болуы да мүмкін. Демек, биыл айтулы сыйлықты театр майталмандарының ерен еңбегіне берген дұрыс деп ойлаймын. Өнердің барлық саласы өз уақытында еленіп, тиісті бағасын алуы керек. «Ай мен Айша» – соңғы жылдары сахналанған ең үздік драмалардың бірі десек болады. Қазақтың айтулы перзенті Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» өмірнамалық романын білмейтін оқырман кемде кем. Ондағы Айша, Барысхан секілді кейіпкерлердің өміріне үңіліп, ерліктеріне тәнті болмаған, қайсарлықтарына қуанбаған оқырман аз шығар. 1937-38 жылдардағы қызылдардың репрессиясын, аштық пен соғысты арқау еткен шығарма – әдебиетіміздегі үздік туындылардың бірі. Әуезов театры жазушының «Ай мен Айша» мен «Мылтықсыз майдан» повесін өзек етіп, эпикалық қойылымды көрерменге ұсынған болатын. 2015 жылы сахналанған қойылымға автордың өзі қатысып, «өзінің ғана емес, зобалаң жылдарды көзімен көрген миллиондаған адамның тағдырын арқау еткен» қойылымға алғысын білдірген болатын. Сол қойылымның өңделген нұсқасы театрда қайтадан жаңғырып, көрерменнің көзайымына айналып үлгерді.
11 шілде 2024
Ұлттық театр репертуарындағы “Ай мен Айша” спектаклі ҚР Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған іріктеуден өтті

Ұлттық театр репертуарындағы “Ай мен Айша” спектаклі ҚР Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған іріктеуден өтті

2024 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның шешімі бойынша "Ай мен Айша" драмасы (өңделген нұсқасы) алдын ала іріктеуден өтті және конкурстың келесі кезеңіне жіберілді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. Аталмыш спектакль Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының репертуарында көрсетілуде. Спектакль жазушы Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" романы мен "Мылтықсыз майдан" повесі желісімен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек жазған драма бойынша қойылды.
11 шілде 2024
«Сүйікті менің періштем» комедиясынан фоторепортаж

«Сүйікті менің періштем» комедиясынан фоторепортаж

Бүгін М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры Бернард Шоудың «Сүйікті менің періштем» комедиясын (аударған – Әлімбек Оразбеков) сахналады. Көрермен қауым қойылым барысында Әлихан Лепесбаевтың (Генри Хиггинс), Әсел Сайлауованың (Элиза), Қайрат Нәбиолланың (Пикеринг), Дәрия Жүсіптің (Миссис Хиггинс), Шынар Асқарованың (Миссис Пирс), Бекжан Тұрыстың (Альфред Дулиттл), Гүлнар Жақыпованың (Миссис Эйнсфорд), Айша Ағымбайдың (Клара), Әділет Базарбайдың (Фредди) және өзге де әртістердің өнеріне куә болды.
12 мамыр 2024
1 2 ... 7 8 9 ... 28 29
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры
Антикор Айлық афиша Ағымдағы репертуар Театр туралы Театр ұжымы Билет алу Сатып алу Билет қайтару
Мекен-жай
Алматы қаласы, Абай даңғылы 103
Email
teatr_auezov@bk.ru
Телефон
+7 (727) 378-53-85
Байланыстар
Антикор Мемлекеттік сатып алу Гастрольдік орталық БАҚ біз туралы Жария оферта Құпиялық саясаты
kz ru en
facebook
instagram
vkontakte
youtube
TikTok
Telegram
©2025, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры
Жоба - Offlime