kz ru en
+7 (727) 378-53-85
teatr_auezov@bk.ru
Алматы қаласы, Абай даңғылы 103
Афиша Репертуар Байланыс телефондары
Театр туралы
Театр туралы Тарих Мұражай 3D-тур Зал сызбасы Театр әдебі Біздің серіктестер Жаңалықтар Байланыс телефондары
Театр ұжымы
Театр ұжымы Актерлер Шығармашылық құрам Басшылық
Ақпарат
Ақпарат Касса Гастрольдік орталық Байқау Мемлекеттік сатып алулар Адалдық алаңы БАҚ үшін БАҚ біз туралы Бос орындар
+7 (727) 378-53-85
teatr_auezov@bk.ru
Алматы қаласы, Абай даңғылы 103
лого
kz
  • kz
  • ru
  • en
меню Мәзір
Антикор Айлық афиша Ағымдағы репертуар Театр туралы Жаңалықтар Театр ұжымы Билет алу
Басты бет
БАҚ біз туралы

БАҚ біз туралы


«Ай мен Айша». Үлкен империямен күрескен кішкентай адамдар

«Ай мен Айша». Үлкен империямен күрескен кішкентай адамдар

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының «Ай мен Айша» қойылымы биыл Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылыпты. Театр өнеріне Мемлкеттік сыйлық соңғы рет қай жылы берілгені есімізде жоқ. Тәуелсіздік жылдарында еліміздегі бірегей сыйлыққа ие болған спектакль жоқ болуы да мүмкін. Демек, биыл айтулы сыйлықты театр майталмандарының ерен еңбегіне берген дұрыс деп ойлаймын. Өнердің барлық саласы өз уақытында еленіп, тиісті бағасын алуы керек. «Ай мен Айша» – соңғы жылдары сахналанған ең үздік драмалардың бірі десек болады. Қазақтың айтулы перзенті Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» өмірнамалық романын білмейтін оқырман кемде кем. Ондағы Айша, Барысхан секілді кейіпкерлердің өміріне үңіліп, ерліктеріне тәнті болмаған, қайсарлықтарына қуанбаған оқырман аз шығар. 1937-38 жылдардағы қызылдардың репрессиясын, аштық пен соғысты арқау еткен шығарма – әдебиетіміздегі үздік туындылардың бірі. Әуезов театры жазушының «Ай мен Айша» мен «Мылтықсыз майдан» повесін өзек етіп, эпикалық қойылымды көрерменге ұсынған болатын. 2015 жылы сахналанған қойылымға автордың өзі қатысып, «өзінің ғана емес, зобалаң жылдарды көзімен көрген миллиондаған адамның тағдырын арқау еткен» қойылымға алғысын білдірген болатын. Сол қойылымның өңделген нұсқасы театрда қайтадан жаңғырып, көрерменнің көзайымына айналып үлгерді.
11 шілде 2024
Ұлттық театр репертуарындағы “Ай мен Айша” спектаклі ҚР Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған іріктеуден өтті

Ұлттық театр репертуарындағы “Ай мен Айша” спектаклі ҚР Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған іріктеуден өтті

2024 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның шешімі бойынша "Ай мен Айша" драмасы (өңделген нұсқасы) алдын ала іріктеуден өтті және конкурстың келесі кезеңіне жіберілді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. Аталмыш спектакль Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының репертуарында көрсетілуде. Спектакль жазушы Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" романы мен "Мылтықсыз майдан" повесі желісімен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек жазған драма бойынша қойылды.
11 шілде 2024
«Сүйікті менің періштем» комедиясынан фоторепортаж

«Сүйікті менің періштем» комедиясынан фоторепортаж

Бүгін М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры Бернард Шоудың «Сүйікті менің періштем» комедиясын (аударған – Әлімбек Оразбеков) сахналады. Көрермен қауым қойылым барысында Әлихан Лепесбаевтың (Генри Хиггинс), Әсел Сайлауованың (Элиза), Қайрат Нәбиолланың (Пикеринг), Дәрия Жүсіптің (Миссис Хиггинс), Шынар Асқарованың (Миссис Пирс), Бекжан Тұрыстың (Альфред Дулиттл), Гүлнар Жақыпованың (Миссис Эйнсфорд), Айша Ағымбайдың (Клара), Әділет Базарбайдың (Фредди) және өзге де әртістердің өнеріне куә болды.
12 мамыр 2024
Асанәлі Әшімов: Театр өнерінде екі жақ бірдей ләззат алса, сол – бақыт

Асанәлі Әшімов: Театр өнерінде екі жақ бірдей ләззат алса, сол – бақыт

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры 100 жылдық мерейтойына орай Қазақстан бойынша екі жылға созылатын турнені бастап кетті. Өнер ұжымы Павлодарға келіп, жергілікті көрерменге 5 қойылымды ұсынды.
11 мамыр 2024
«Қара» драмасынан фоторепортаж

«Қара» драмасынан фоторепортаж

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры Павлодар облысына гастролдік сапарын Абай Құнанбайұлының Қара сөздерінің желісі бойынша жазылған «Қара» драмасымен бастады.
11 мамыр 2024
«Әкемтеатр» Павлодарға келді!

«Әкемтеатр» Павлодарға келді!

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры Павлодарға келді. Бүгін театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, театр басшысы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек және театр актеры, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Асылбек Боранбай «Ертіс Медиа» ЖШС-нде болып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті.
10 мамыр 2024
1 2 ... 8 9 10 ... 29 30
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры
Антикор Айлық афиша Ағымдағы репертуар Театр туралы Театр ұжымы Билет алу Сатып алу Билет қайтару
Мекен-жай
Алматы қаласы, Абай даңғылы 103
Email
teatr_auezov@bk.ru
Телефон
+7 (727) 378-53-85
Байланыстар
Антикор Мемлекеттік сатып алу Гастрольдік орталық БАҚ біз туралы Жария оферта Құпиялық саясаты
kz ru en
facebook
instagram
vkontakte
youtube
TikTok
Telegram
©2025, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры
Жоба - Offlime